Мәскеудегі антиквар бұйымдар сататын шағын дүкенге бір әйел келіпті. Жәдігерлерді ұзақ қарап шыққан соң, «И.Репин» деп қол қойған бір картинаның жанына кеп тоқтайды. Бағасы — 10 сом екен.
— Мынау шынымен Репиннің туындысы ма? Бүгін менің таныстарымның үйіне Репин қонаққа келеді. Егер бұл оның картинасы болмаса, сізге қайтып әкеліп, өткіземін! Мінекейіңіз, 10 сом!..- дейді, әлгі әйел.
Әйел кешкісін қонақта болғанда манағы картинаны көрсетеді. Әйгілі суретші шек-сілесі қата күледі де, қаламұш пен қара сия алдыртып, сол жерде отыра қалып картинаның қолтаңба тұсына «Бұл Репин емес! И.Репин» деп жазып береді.
…әлгі әйел картинаны баяғы антикварлық дүкенге қайта өткізсе керек.., бірнеше күннен кейін сол туынды Репиннің өз қолтаңбасы үшін 100 сомға өтіп кетіпті…
Мұрат Рахымжанның фейсбук парақшасынан алынды.