СӘБИТ МҰҚАНОВТЫҢ ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВКЕ ЖАЗҒАН ХАТЫ:

Ілияс! Аманшылық. Оқу июльдің басында бітеді. Одан бері съезд болады ғой. Сонда көрісерміз. Қазіргі жұмыстарыңның күштісі съезге даярлық болу керек. Оны істеп жатқан шығарсыңдар. Жанайдар осында жат­қан көрінеді. Бірер барып жолықтыра алма­дым. Съезд кеңесінен сөйлеспек ем. Ме­­­німше съезге: сен, Сәкен, Бейімбет, Мұх­тар төртеуің обязательно келулерің ке­рек. Он мүшеден бір өкіл ғой. Мұнда аты өкіл ғана емес, жазушылық бетін көрсете ала­тын, барлық мәселеге сөйлеп, қазақ әде­биетін таныта алатын адамдар керек. Ғабит бар, жоғарғы төртеуің бар, сендер келме­сеңдер көзге көріну көңілдегідей бол­май­ды. Сенен Үлкен өтініш: жинағыңның 1-томы шыққан екен, екі бөлімде хрес­томатия шық­қан екен, соны маған не қатынасқаннан жі­берт де, не ала кел. Жұмыстарыңды жан­дандыру керек. Ананипқа мұнда ұрысыңқыраған көрінеді. Басқа кеңесті кел­генде сөй­лесерміз. Адресім өзгерген. Ж.бен: Сәбит. Остоженка 53. ИКП, ком. 63 мне. Москва қаласы.

19 сәуір, 1933 жыл.

#Әсет_Ақмолда