Қазақы сал-дәстүрді көп жағдайда ұстанбайтын өңір – солтүстік деп жатады ел. Бұл аймақта өзге ұлт өкілдерінің көп қоныстанғанын, әлі де көп екенін естен шығармаған жөн. Қазір Құдайға шүкір Солтүстік аймағымыз да қазақыланып келеді. Барынша қазақтың тойларында салт-дәстүрімізді ұстанады.
Солтүстікте көп жағдайда ұзату той, жігіттің тойы деп бөліп жатпайды. Екі жақ бірігіп, бір той жасайды. Үнемделген ақшаны екі жас батыс елдердің әдеті бойынша шет елдерге саяхат жасауға жұмсайды. Ұзату жасайтын болса, қалың мал алыспайды. Қызды үйінен алып кетуге жігіт жақтан тек ер адамдар барады. Солтүстік өңірде сәлем салу мен орамал тағу талап етілмейді.
иә. Қарап отырсақ, Кеңес үкіметі кезіндегі әбден орыстандыру саясатының мықты жұмыс істегенін көреміз. Дегенмен, бүгінде үкімет тарапынан осы жайттар ескеріліп, Оңтүстік аймақтың қазақтары қоныстандырылуда. Бұл да, өз кезегінде жергілікті тұрғындардың қазақыланып, ұлттық болмысымызды саналарында қайта жаңғыртуларына үлкен көмек болары сөзсіз. Бастысы «той бердік» деп, жынойнақ жасаудан алыстап, дәстүрлі ұлттық ойындармен, салт-дәстүрімізбен, мағыналы, сапалы той өткізіп, тойдан да қонақтардың бірдеңе біліп қайтуына әрқайсымыз үлесімізді қосайық ағайын!!!