Тұмсық өсіп шыққанша тырнақтарын жұлып тастайды…

Бүркіт 40 жыл өмір сүрген соң оның шеңгелдері( тырнақ) ұзарып, жұмасара бастайды да аң аулауға шамасы келмей қалады. Тұмысығы да ұзарып, қатты иіліп тамақ жеуі қиындай түседі. Төсі мен қанатындағы қауырысын қалыңдап ұшуға кедергісін келтіреді. Осы кезде бүріктте екі таңдау ғана болады екен: өлім немесе 150 күнге созылатын ұзақ және ауыр өзгерістен өту…

Бүркіт таудың қиясындағы ұясына ұшып барып тұмысығы жарылып түсіп қалғанша тасты шоқи бастайды.. Сосын жаңа тұмсық өсіп шыққанша күтіп, тырнақтарын жұлып тастайды. Тырнақ өсіп шыққан соң төсі мен қанатындағы артық қауырсынды жұлып тастайды. Осылайша 5 айлық қиыншылықтан соң бүркіт тағы 30 жыл өмір сүруге мүмкіндік алады екен.

Дәл солай біз де жаңаша өмір сүру үшін өзгеруіміз керек, кейде өзгерістер қиыншылық, қорқыныш, күмәнға толы болады. Өміріңіздегі жаман әдет, нәпсі құмарлығы сияқты ауыр жүктен арылғанда ғана Сіз бүгінгі күніңізден ләззат алып, болашаққа деген ұмтылысыңыз еселене түседі. Қазақтан Тәңірдің назары таймай бәрімізге бақытты ғұмырды несіп етсін.

Жазба фейсбуктағы Бөрілі байрақ парақшасынан алынды.