Ақымақтық

Бірде бір ақын ауылдың баласын сынамақ болып: Жүз мың алтын теңгемен қоса, ақымақ болуға разы болармедің? — деп сұрапты.
Бала: Жоқ.
Ақын: Неге?
Бала: Ақымақтық мені бір қылмысқа ұрындырып, жүз мың алтын теңгем сол қылмыстың өтеміне кетіп, ақымақтық менде мәңгі қалып кетуінен қорқамын! — деп жауап қатыпты.
Сонда ақын баланың жауабына риза болып, батасын беріпті.