Бір депутат қайтыс болып, о дүниеге барыпты.
Жәбірейіл қарсы алады да: Сіздей қадірлі адамды қайда жіберерімді білмей тұрғаным, бір-бір күн тозақ пен жұмақты аралап көріңіз, ұнағанын таңдарсыз?! — дейді.
Марқұм депутат келіседі.
Бірінші лифтпен тозаққа түсіреді. Құлпырған жазықта кіл галстук таққан шенеунік шулап, құшақ жая қарсы алады, гольф ойнатады, шарапқа тойдырады, той жасайды. Ол тойға Ібілістің өзі асаба болып, депутатымызды жер-көкке сыйғызбай мақтайды. Көңілі тасыған көкетай бір күннің қалай өткенін байқамай қалыпты.
Жебірейіл келіп, лифтпен жұмаққа алып кетеді. Онда барса сарқыраған кәусар бұлақ, сыбызғы сызылтқан хор қыздары, мәуелі ағаштар, өте сыпайы, сабырлы адамдар… Бірде бір танысын таба алмаған депутат зерігеді. Бір күн өткеннен кейін Жебірейіл келіп:-Қайсысын таңдайсыз? -дейді.
Депутат: Жұмақ жанға жайлы, әдемі екен, бірақ, тозақта көңілдірек, соған барайын,- депті. Періште жымиып: Қалағаныңыз болсын — деп, депутатты қайтадан лифтпен төменге түсіріп жібереді.
Лифтің есігі ашылып қалса, күйіп кеткен дала, кепкен жердің топырағын бұрқыратып қазып жатқан, үсті-бастары кір-қожалақ шенеуніктер…
Депутаттың алдынан ыржиып Ібіліс шығады. -Бұл қалай, кеше ғана бұл жер керемет еді ғой-дейді сасқалақтаған депутат. Ібіліс: Е, кешегі ме, ол сайлауалды шара болатын, соның арқасында Сен бізді таңдадың-деп желкесінен сүйрей жөнеліпті.
Малик Токтарбаев.