«Қыз назы қырық кісіні мас қылады…» (Қыз туралы мақал-мәтелдер)

***

Қырсыққан қыз бай таппас, Қырсыз жігіт мал таппас.

***

Қыз ұзатқанның қызылы қалмас.

***

Жақсы қыз — жағадағы құндыз, Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз.

***

Қыз назы қырық кісіні мас қылады.

***

Бір қыз күйеуге шықса, Қырық қыз түс көреді.

***

Қыздың көзі қызылда.

***

Қайтып келген қыз жаман, Қайта шапқан жау жаман.

***

Төркін десе қыз төзбейді.

***

Тойған қыз төркінін танымас.

***

Қыз бала үйге жаққан бояу.

***

Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді келеді.

***

Қызды ауылдың қызығы көп.

***

Қызды қымтап ұстаған ұялмайды.

***

Қыз бен жылқы жаудікі.

***

Күйеу жаман болса қызыңнан.

***

Қыздың ұяты шешеге.

***

Қызды асырап білмеген күң етер, Жібекті түте алмаған жүн етер.

***

Қызым саған айтам, келінім сен тыңда.

***

Қызың өссе қылықтымен ауыл бол.

***

Қыз қылығымен – сүйкімді.

***

Шешесіне қарап қызын ал, Аяғына қарап асын іш.

***

Қызы бардың – назы бар.

***

Қызға қырық үйден тыйым.

***

Қыз күнінде бәрі жақсы, Жаман қатын қайдан шығады.

***

Қыз — өріс, ұл — қоныс.

***

Екі ауылдың арасын жол қосады, Екі елдің арасын қыз қосады.

***

Қыздың жолы жіңішке.

***

Қыздың қырық жаны бар.

***

Судың түбін шым бекітер, Даудың түбін қыз бекітер.

***

Отырған қыз орнын табады.

***

Ақылды қыз білімге жүгірер, Ақылсыз қыз сөзге ілігер.

***

Қыздың қабағында құт бар.

***

Қыздың жолы қырық кісінің жолын бөгейді.

***

Қызда қырық көліктік бақыт бар.

***

Жол мұраты – жету, қыз мұраты – кету.

***

Қыз – қонақ. Қыздың көзі қызылда.