Мұғалім оқушыдан :
— Аққұтан жылы жаққа неге ұшады? – деп сұрайды.
Оқушы:
— Жүре алмаған соң ұшады…
***
Филология факультетінің үшінші курсында оқитын спорт шебері емтихан тапсырып отырса керек.
— Айналайын, ең болмаса қарапайым сұраққа жауап берші!
Лев Толстой деген классикті білесің бе?
— Ағай-ау, мен классикамен емес, еркін күреспен айналысамын ғой…
***
Мұғалім оқушыларға еркін тақырыпта шығарма жазып келіңдер деп тапсырма береді.
Балалардың біреуінің шығармада “шамамен, болжам бойынша” деген сөздерді көп қолданғанын көрген ұстазы, сен үлкейгенде кім боласың деп сұрайды. Әлгі оқушы кідірместен: «Ауа райы болжаушысы боламын» деген екен.
***
Мектепке келген жаңа тарих мұғалімі оқушылардың білім деңгейін тексеру мақсатымен:
— Отырарды кімдер алды?
— Апай, біз емес алған!
Оқушылардың төмен деңгейіне ашынған мұғалім директорға барып:
— Оқушылар тіпті Отырарды кімдер алғанын білмейді!
— Ой, қорықпаңыз кім алса да, жылдың соңына дейін қайтармаса, оқудан шығарып жібереміз…
***
Ұстаз:
— Балалар, білесіңдер ме, суықта барлық заттың көлемі азаяды, ал жазда керісінше. Кім маған өмірден мысал келтіре алады?
Фариза қолын көтеріп:
— Мысалы, жазғы демалыс қысқы демалысқа қарағанда ұзақ, деп айтқан екен.
***
Әкесі мектепте оқитын баласының күнделігін тексеріп жатыр:
— Физикадан – 2,
— Математикадан – 2,
— Географиядан – 2,
— Тарихтан – 2,
— Ән сабағынан – 5…
— Әй, сен неменеңе жетісіп ән салып жүрсің-ей?
***
Әдебиет сабағында:
Мұғалім: Бүгінгі тақырыбымыз — «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу»
…Сарыбай Қарабайдың баласы Қозыны бесікте көргенде қорыққан екен.
Оқушы: Апай, сізде қошақанды бесікке бөлеп қойса қорқатын едіңіз ғой!
***
Бір күні бір жігіт скамейкада мұңайып отырса, біреу келіп:
-Неге мұңайып отырсың?- десе, жігіт: -Отырсаш айтам, — депті, содан:
— Жарайды,- деп отрыпты,
-Ал айта бер,- десе.
-Е досым қазір екеуміз отырған орндық қазір ғана боялған екен,- депті.
***
Ұйқыдан түске қарай тұрған жауын құртының баласы шешесінен:
— Апа, әкем қайда? — деп сұрайды.
Сонда байғұс шешесі:
— Еее, әкең таңертең еркектермен балыққа кеткен, депті.
***
Екі жігіттің әңгімесінен:
— Темекіні зиянды қасиеттері туралы кітап оқыдым, қоятын шығармын…
— Темекіні ме?
— Жоқ, кітап оқуды.
***
Бір студент жігіт көшеде келе жатып, басы аййналып құлап қалады. Қасына бір келіншек келіп, айналасындағыларға:
— Су әкеліңдер, су әкеліңдер, — дейді. Сонда ақырын есін жинай бастаған студент әлгі келіншекке:
— «Аналарға сумен қоса нанға май жағып ала келіңдер» деп айта салыңызшы, — дейді сыбырлап.
***
Соңғы қоңыраудан үйге келген баласы:
— Әке, ақша жоқ-ақша жоқ деуші едіңіздер ғой. Келесі жылы мен сіздерді қинамайтын болдым.
— Не дейсің?
— Маған енді жаңа кітаптар алудың қажеті жоқ. Жетінші сыныпта қайта оқитын болдым.
***
Сыныбым сондай ақымақ. Бір рет түсіндірдім, түсінбеді. Екінші рет түсіндірдім, түсінбеді. Үшінші ретінде өзім де түсініп алдым. Ал олар әлі түсінбеді.
***
Жақында ата-аналар жиналысы болады. Кіру тегін, шығу 2000 теңгеден жоғары.