Адам дегеніміз — супержүйе!

Адам дегеніміз – супержүйе!

Ал оның міндеті – өзінің сол супержүйесімен жұмыс істей білу. Мен тіпті бұл туралы кітап жазар едім уақытым болса. Оның қалың кітап болатыны анық. Біздің әрқайсымызда өзімізді «қарапайым, яғни, қандай да бір ерекшелігіміз жоқ адамбыз» деген ой басым.

Бір америкалық Г.Петроски деген инженер (жазушы емес, инженер) тіс шұқығыш туралы кітап жазыпты. Оның қалыңдығы 450 бет екен. Біздің «тым қарапайым» еместігіміз туралы тақырыптың сол тіс шұқығыштың тарихынан әлдеқайда ауқымды екендігіне сенімдімін. Сіз және біз өзіміздің талантымыз бен қабілетімізді «қарапайыммын» деген сөзбен кірпіш бастырғандай етіп бастырып тастаған болармыз, содан біздің мүмкіндіктеріміз ашылмай жатқаны анық.

1995 жылы өзін өзі алысырақтан фотоға түсіргісі келген бір жапон әрі ойлап, бері ойлап тапқан селфи-таяқшасы қазір әлемнің қолында жүр. Шамасы ол өзіне аса қажет болған нәрсені өйтіп-бүйтіп жасап алған да, оның пайдалы зат екенін білген соң, оған патент алып, сондай ұсақ-түйектер жасайтын фирмаға тапсырыс беріп, сосын оны сатуға шығарған.

Осындай мүмкіндік біздің әрқайсымызда бар. Бізде бәрі бар. Ой да бар, қиял да бар, материалдар да бар. Ауылда үй шаруасында талай нәрсені шаруаға ыңғайлап жасап та алған шығармыз. Тек бізде жапондардың осындай «өлермендігі» жоқ.

Ах! Ох! Қандай өкінішті!

P.S.Селфи-таяқша туралы деректі Мақсұт Насибуллиннің Инстаграмдағы парақшасынан алдым.

Ақын Оңайгүл Тұржанның фейсбук парақшасынан.