Әлдебір көпес ұлын ақылгөй кемеңгерге бақыттың құпиясы неде екенін білуге аттандырады. Қырық күн шөлді кесіп өткен бала данагөйдің тау басындағы алып қорғанына кіреді. Қорған іші сопының мекеніне мүлде ұқсамайды. Жарқыраған зәулім қабырғалардың іші ғажап.
Данагөйге қайбір уақыттарда кезегі жетіп алдына келген бала бақыттың кілті қайда деген сауалын қояды. Данагөй ештеңе деместен қолына май құйылған қасықты ұстатып, алып қорғанды аралап келуін сұрайды. Бала аралап келеді. Алайда данышпанның «Сарайым қандай екен?» деген сұрағына жауап бере алмайды. Себебі, ол күні бойы қасықтағы майдың төгілмеуін ғана қараумен болған еді. Данагөй қасыққа майды қайта құйып, сарайды тағы бір мәрте аралап келуді тапсырады. Екіншісінде сарайдың ғажап көріністерін есі шығып аралаған бала қолындағы май түгілі, қасықтың өзін ұмытып кетеді.
Данышпанның сонда балаға айтқан даналығы:
«Бақыттың мәні – дүниенің ғажабын мейлінше тану, тамашалау, сөйте тұра қасықтағы майды төкпеу», дейді.