***
Бала — бауыр,
Дос — тамыр.
***
Баба бүркіт барлап ұшады,
Бала бүркіт парлап ұшады.
***
Қонағын сыйламаған баласын ұрады, не үйін сыпырады.
***
Өлетін бала молаға қарай жүгіреді.
***
Ата-ана балаға сөйлеуді үйретеді, бала ата-анаға аузын жабуды үйретеді.
***
Аттан тай озады,
Атадан бала озады.
***
Шабылмаған жүйрікті,
Шағылмаған бала шапсын.
***
Бала жанды биелер
Құлындарын теппейді.
Бала жанды адамды
Бала айналып кетпейді.
***
Сиырды жақсы көрсеткен
Артындағы танасы
Әйелді жақсы көрсеткен
Қасындағы баласы.
***
Баласыз ана — гүлсіз алма.
***
Адам болатын бала алысқа қарайды…
***
Адам болатын бала — ағайыншыл, Бай болатын бала — айырбасшыл.
***
Ат болар тай саяққа үйір, Адам болар бала қонаққа үйір.
***
Атың жаман болса, қырың кетер, Балаң жаман болса, арың кетер.
***
Ат болатын құлынның бауыры жазық келер, Адам болар баланың маңдайы жазық келер.
***
Асығу — баланың ісі, аттандыру — ананың ісі.
***
Артында қызы қалғанның — ісі қалғаны, Ұлы қалғанның — өзі қалғаны.
***
Әкесі құрдастың баласы құрдас.
***
Әкесі ұрған ұл оңар, шешесі ұрған қыз оңбас.
***
Әкесін сыйламағанды баласы сыйламайды.
***
Нар баласын қарпып сүйер.
***
Бай баласы мақтанса, «жылқыдан жорға міндім» дер,
Би баласы мақтанса, «парадан шапан кидім» дер.
***
Әкеңде жоқ арғымақ, шешеңде жоқ арғымақ,
Саған оңай болып па, биік жардан қарғымақ?!
***
«Ай» дер ажа жоқ, «Қой» дер қожа жоқ.
***
Әдепті бала — арлы бала, Әдепсіз бала — сорлы бала.
***
Бала — адамның бауыр еті.
***
Бір бала атасына жете туады, Бір бала атасынан өте туады, Бір бала кері кете туады.
***
Бел астындағыдан бесіктегі бала үміттенеді.
***
Балаң жаман болса, көрінгеннің мазағы.
***
Ауызынан ана сүті кеппеген, Белінен бесік табы кетпеген.
***
Балалы үйрек көлден кетпес, Балалы жас елден кетпес.
***
Балаң болса, шоқ болсын, Шоқ болмаса, жоқ болсын.
***
Бала берсең сана бер, сана бермесең ала бер.
***
Балаң жақсы болса жердің үсті жақсы,
Балаң жаман болса жердің асты жақсы.
***
Баласы бардың өзі ойнар, Балтасы бардың көзі ойнар.
***
Бала, баланың ісі — шала.
***
Балалы үй — базар, баласыз үй — қу мазар.
***
Кәріге құрмет, балаға міндет.
***
Бала жасындағысын ұмытпайды, Таз басындағысын ұмытпайды.
***
Баланы іске бұйыр, соңынан өзің жүгір.
***
Бай күйігі — етекте, бала күйігі — жүректе.
***
Бай күйігі — сыртта, бала күйігі — іште.
***
Бала күлкіге тоймас, жаман ұйқыға тоймас.
***
Баласы көп іс бастайды, түйесі көп көш бастайды.
***
Бала — көңілдің гүлі, көздің нұры.
***
Бала қорыған жерге өш.
***
Бала өз нәпақасын өзі ала туады.
***
Балам өсті дегенше, батыр өсті десейші, Батыр өнер білмесе, қапыл өсті десейші.
Баланың өскен бесігі — кең дүниенің есігі.
***
Ананың алақаны — балаға айдынды қоныс.
***
Баламен ойнама, шаршарсың, Шаламен ойнама, күйерсің.
***
Балаға пышақ бермесе, бір жылар, Пышақ берсең, екі жылар.
***
Бала соққан кездіктің басы жарық.
***
Баланың ұяты – әкеге, Қыздың ұяты – шешеге.
***
Бала ханнан үлкен, ашамай нардан үлкен.
***
Балалық шағы – ханның тағы.
***
Болар елдің баласы он бесінде «Баспын» дер,
Болмас елдің баласы отыз бесте «Жаспын» дер.
***
Бойың жетсе де, ойың жеткен жоқ.
***
Есер баладан ерке бала жаман.
***
Бойдақты ұлым бар деме, Бұқаны малым бар деме.
***
Боранды күні бала құтырар, Желді күні ит құтырар.
***
Емшек бермесе де, емізік берген ана бар, Бақпасаң да, басыңды сүйер бала бар.
***
Ер бала ата-анаға таяу, Қыз бала үйге жаққан бояу.
***
Он үште – отау иесі.
***
Еркенің көзі кеппес, жорғаның тері кеппес.
***
Еркенің көзі жасты, етегін бұзау басты.
***
Ер ұл (ұл) тап, еркеленіп жат.
***
Жалғыз баласы атқа шапса, анасы үйінде отырып тақымын қысар.
***
Жақсы бала еліне бас болады, Жаман бала еліне қас болады.
***
Жақсы ұл – көңіл тоғы, Жаман ұл – мұрын боғы.
***
Өзі жығылған бала жыламайды.
***
Тайдың мінгені білінбес, баланың істегені білінбес.
***
Кіші баланың ұятын үлкен бала көтереді.
***
Күнсіз гүл өспес, Күтусіз ұл өспес.
***
Қазанға жақын жүрме, күйесі жұғады, Балаға жақын жүрме, бәлесі жұғады.
***
Жақсы бала – сүйік, Жаман бала – күйік.
***
Жаман да болса ұрпақ қалсын, Өз орнында отың жансын.
***
Баланың сөзі батпандай, Келіннің сөзі кетпендей.
***
Жас бала құстың көлеңкесінен тоңады.
***
Жалғыз ұлы бар кісінің шығар-шықпас жаны бар,
***
Екі ұлы бар кісінің өкпе-бауыр, жалы бар,
***
Жалғыз ұлы бар жанның – шығар-шықпас жаны бар.
***
Жыламаған балаға емшек жоқ.
***
Жылауық болса да, баланың бары жақсы, Бақырауық болса да, түйенің бары жақсы.
***
Жылайтын баланың үш күн бұрын көзі қышиды.
***
Жылайын деген бала әкесінің сақалымен ойнайды.
Жауатын күн – ыстық, болатын бала – пысық.
***
Итпен ойнасаң, үрерсің, Баламен ойнасаң, күлерсің.
***
Іштен шыққан шұбар жылан.
***
Кісі болар баланы кісісінен танимын.
***
Кекшіл бала – дықшыл.
***
Көңілсізден көзсіз бала туар.
***
Ұлың көңілшек болса, атының соры, Қызың көңілшек болса, басының соры.
***
Күтсең ата-анаңды, кешірер атаң қатеңді,
***
Әкеңе не істесең, алдыңа сол келер.
***
«Алғыс алған адам» деп, халық алар батаңды.
***
Күлшелі бала – сүйкімді.
***
Қараның баласына қазан мен сөз керек.
***
Қарағайға қарап тал өсер, Қатарына қарап бала өсер.
***
Қошқар болар қозының маңдай алды дөң болар, Адам болар жігіттің етек-жеңі кең болар.