«Маған «Сері» деген атақты берген – Ғабит Мүсірепов…»

СӘКЕН СЕРІ ЖҮНІСОВ:

Маған «сері» деген атақты берген – Ғабит Мүсіреповтің өзі. Шынымды айтайын, ол атақ өзіме ұнады. Өйткені «Ақан серіні» жаздым, оның тағдырына үңілдім. Ақанды тарихи-танымдық, эстетикалық тұрғыдан алғаш мөлдіретіп жазған – Мағжан Жұмабаев. Мен оның жазғанына әлі таңғаламын. Адам сері болып тумайды, сері болып қалыптасады. «Сері – қыз-қырқынға қырғидай тиген адам» деп түсінсек, қателесеміз. «Сері – әнші-композитор» десек те, дұрыс болмайды. Сері – шығармашыл адамның болмысы, адамшылық позициясы, жігіттіктен де жоғары азаматтығы, дәстүрге деген адалдығы.
Мен – әйелі қайтыс болған еркектің бірімін. Сыйлайтын, тіпті жақсы көретін әйел заты көп болуы мүмкін. Қыздарымының жаны нәзік қой, қай адам олардың шешесіндей бола алады деп, олар өссін, ақыл-есі толсын деп, қайта үйленбедім. Бірақ гүлдей әдемі, жаны таза әйел затын мен де ұнатамын. Оларды бей-берекет сыйлап, жанын ұсқынсыз жараламаймын. Ұятты, дәстүрді, үйлесімділікті жоғары қоямын. Менің «серілік философиям» осында.

09.02.1994 ж.

Жазып алған – Дихан Қамзабекұлы.

Әсет Ақмолданың фейсбук парақшасынан.