Тойдың тамашасын бақпа, тағылымын бақ… (Той-мереке туралы мақал-мәтелдер)

 

***

Қой жүрген жер береке, 
Қыз жүрген жер мереке. 

***

Мысық та жолбарысша қуанады. 

 ***

Жылағанды сұрама, күлгенді сұра. 

***

Ақын мен әнші адамзаттың бұлбұлы. 

***

Батыл жігіт жол бастар, 
Ақын жігіт той бастар. 

***

Берекесіздің аулы мерекесіз. 

***

Той өткен соң дағара,
Жау кеткен соң дабыра.

***

Түлкіні түлен түрткенде
Тойлы ауылға кездесер.

***

Он екі айда он үш той.

***

Шақырусыз тойға барғанша,
Қазусыз көрге бар.

***

Шақырусыз тойға барғанша, 
Таяқ ал да қойға бар. 

***

Гүлсіз болса жер мұңды, 
Күлкісіз болса — ел мұңды. 

***
 Күлкі ашылған гүл, 
Көңіл — шашылған нұр. 

***
Той дегенде қу бас домалайды. 

***
Тойға барсаң тойып бар, 
Қомағайлықты қойып бар. 

***
Тойға барсаң тойып бар, 
Торқа тоның киіп бар. 

  ***

Тойға барсаң бұрын бар, 
Бұрын барсаң орын бар. 
  ***
Сұлулық тойда керек, 
Махаббат күнде керек. 

***

Көппен көрген ұлы той. 

  ***

Әшейінде ауыз жаппас, 
Той дегенде өлең таппас. 

***

Той — тоқшылық нышаны.

***

Жақсының туғаны — бір той, өлгені — бір той.

***

Тойдың болғанынан боладысы қызық.

***

Той десе, қу бас домалайды.

***

Айт — аттынікі, той — тондынікі.

***

Той тамағы тәтті.

***

Той өткен соң даңғара.

***

Жол болмайды асусыз, Той болмайды шашусыз.

***

Той сылтауымен тон бітер.

***

Тойда тоныңды сұрама.

***

Тегі жаман тойда: «Тонымды бер!» — дер.

***

Тойда тоқал тыйылады.

***

Той тарқағанда қынаңды төбеңе қой.

***

Таз таранғанша той тарқайды.

***

Бір тойда екі жар жоқ.

***

Асқа барсаң, аш бар, Тойға барсаң, тоқ бар, Той қызығы — көкпар.

***

Көңілдінің үйінде, Күнде мейрам, күнде той.

***

Берекелі жерден мереке кетпейді.

***

Берекесіздің ауылы мерекесіз.

***

Қыз — халықтың гүлі, Өлең — сауықтың гүлі.

***

Айтылмаса ән емес.

***

Ас барында дос жоқ, Ат барында той жоқ.

***

Жетім қыздың тойындай.

***

Мұнан да жаман күнімде тойға барғанмын.

***

Жаман жігіт той бұзар, Жаман әйел үй бұзар.

***

Шақырусыз тойға барғанша, Таяқ ал да, қойға бар.

***

Сыбыр-сыбыр ойды бұзады, Құрттаған қой қойды бұзады.

***

Көңілі бөлек өкпешіл адам, Дауласам деп тойды бұзады.

***

Тойға барған да арманда, Бармаған да арманда.

***

Той — Тәңірдің қазынасы.

***

Көппен көрген — ұлы той.

***

Келіннің тойына, Кемпірдің өлімі қатар келді.

***

Той тондыға жарасады, Ас аттыға жарасады.

***

Өңгесі жоқ көңгесі, Өлең айтар жеңгесі.

***

Тойда төрелік, ойында өрелік жоқ.

***

Тойдың тамашасын бақпа, тағылымын бақ.

***

Көшпелі ел тағанақсыз болмас, Той мен ас айтыссыз, жыраусыз болмас.

***

Теңің болмаса, тойға барма.

***

Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар.

***

Той өкпесіз болмас.