Қыпшақтар бірлестігі

1

Қазақ халқының құрамына қосылған ежелгі тайпалардың бірі – қыпшақ.
Қыпшақтар қазақ халқының және қазақ тілінің қалыптасуында маңызды рөл атқарған.
Қыпшақ деген ат түрліше тілдердегі тарихи деректерде әр алуан формада кездеседі. Еліміздің ерте замандағы деректерінде «қыпшақ» сөзі хуша, ұже түрінде айтылады да, орта ғасырлардағы деректерінде «шыңса» деп аталады.
Араб-парсы, моңғұл және түркі тілдеріндегі деректерде «қыпшақ», «қифшақ», «қыпчак» сияқты варианттарда айтылады.
Батыс Европа деректерінде «коман», «куман» деп аталса, орыс деректерінде «половцы» делінеді. Венгрлер қыпшақтарды «күн» деп атайды.
Қыпшақ туралы алғашқы мәліметтер Жұңгоның заманымыздан бұрынғы 201-жылдағы «Тарихи жазбалар» еңбегінде кездеседі.

Қазақтың көне тарихы, 180-бет
Алматы, «Жалын», 1993 жыл.

Әділбек Ыбырайымұлының фейсбук парақшасынан алынды.