Жігіт, ер туралы мақал-мәтелдер

 

***

Ер жігіттің екі сөйлегені — өлгені.

***

Азынаған айғырды үйірде көр,

Адамсыған жігітті үйінде көр.

***

Ай толғанын білмес,

Жігіт болғанын білмес.

***

Ақ серке қой бастайды,

Ақын жігіт той бастайды.

***

Алғыр жігіт ақылына қарай іс қылар,

Олақ жігіт оңай жұмысты күш қылар.

***

Атты арбада көр,

Жігітті ордада көр.

***

Аты аталмаған жігіттен аты аталған төбе артық.

***

Бай болайын деген жігіт айырбасшыл келеді,

Адам болайын жігіт қарындасшыл келеді.

***

Азынаған айғырды үйірде көр,

Адамсыған жігітті үйінде көр.

***

 Ай толғанын білмес,

Жігіт болғанын білмес.

***

 Ақ серке қой бастайды,

 Ақын жігіт той бастайды.

***

Алғыр жігіт ақылына қарай іс қылар,

Олақ жігіт оңай жұмысты күш қылар.

***

 Атты арбада көр,

Жігітті ордада көр.

***

Аты аталмаған жігіттен аты аталған төбе артық.

***

Бай болайын деген жігіт айырбасшыл келеді,

***

 Адам болайын деген жігіт қарындасшыл келеді.

***

 Барша жақсы — бір жаман,

Бәрі бидай — біз сабан (Иасауи).

***

Бойдақ жігіт жұрт күйеуі.

***

 Болатын жігіт епшіл,

 Болмайтын жігіт кекшіл.

***

Болған кісі «болдым» демес,

 «Болдым» десе болғаны емес.

***

Босаң жүрген жігітті бел үстінде бөрі алар.

 Еркінсіген көкжалды ебін тапқан ер алар.

***

Бөрі аулайтын жігіт бөрігінен белгілі.

Жау алатын жігіт серігінен белгілі.

Балта соғар жігіт көрігінен белгілі.

***

Бір жігіт бар — құр жан,

Бір жігіт бар — тірі жан,

Бір жігіт бар — жігіт жан (Шал ақын).

***

Ел мақтаған жігітті кыз жақтаған.

***

Емен ағаштың иілгені — сынғаны,

Ер жігіттің екі сөйлегені — өлгені.

***

Жаман болатын жігіт шегіншек келер,

Кедей болатын жігіт еріншек келер.

***

Жаңбыр жауса жерге сый,

Жігіт туса елге сый.

***

Жау жеңетін жігіт жарағынан танылады,

Дау жеңетін жігіт талабынан танылады.

***

Жібек мінезді жігіт жұртқа жағады,

Жылан мінезді жігіт жұртта қалады.

***

Жігіт арының құлы,

Жаман малының құлы.

***

Жігіт асыққаннан өлсін,

Қыз ынтыққаннан өлсін.

***

Жігіт болсаң батыр бол,

жау жеңгендей жапырып.

***

Жігіт жақсысын «сұлтан» дейді,

Ит жақсысын «сырттан» дейді.

***

Жігіт жақсысы түрмеде,

Ат жақсысы көрмеде.

***

Жігіт жанған шоқ болсын,

шоқ болмаса — жоқ болсын.

***

Жігіт жауда өлер,

Шешен дауда өлер.

***

Жігіт жиғанын жемейді, бұйырғанын жейді.

Жігіт жолдасынан белгілі,

Сарбаз қолбасынан белгілі.

***

Жігітке жар қымбат, намыс пен ар қымбат.

***

Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес.

***

Жігітке өнер де өнер, өлең де өнер.

***

Жігіт көзімен қыз алма.

***

Жігіт көркі — өнер.

***

Жігітте де жігіт бар азаматы бір бөлек.

Жылқыда да жылқы бар, қазанаты бір бөлек.

***

Жігітті бірде майданда сына, бірде бейғамда сына.

***

Жігітті көркінен таныма, сертінен таны.

***

Жігіттің бағы білмейді, жұмысының бабы біледі.

***

Жігіттің бір басы екеу болмай, жиғаны жетеу болмайды.

***

Айнымас жүрек, ер көңіл ер жігіттің серігі.

***

 Аққу құсқа оқ тисе қанатын суға тидірмес.

Ер жігітке оқ тисе қиналғанын біддірмес.

***

Ақ найзасы болмаса ерді қайдан танырсың.

Ен, таңбасы болмаса малды қайдан танырсың.

***

Ақсұңқар ұшар жем үшін,

Ер жігіт туар елі үшін.

***

Ақынды ер жемейді, екінші — жер жемейді.

***

Ер өтірік айтпайды, ер өтірік айтса да ел өтірік айтпайды.

***

Ер өтірік айтпайды — жоқтық айтқызады.

Ер асылық айтпайды — тоқтық айтқызады.

***

Ер салмағын ел көтереді, Ел салмағын жер көтереді.

***

Ер сасқаңда белгілі, Ат шапқанда белгілі.

***

Ер сүрінбей ел танымас,

Ат сүрінбей жер танымас.

***

Ер сыйлаған есікте қалмас.

***

Ер сыйлаған жерде қадірлі.

***

Ер тағайына тартады.

***

Ер талабы өр мегзер.

***

Ер тамыры елде,

Ел тамыры жерде.

***

Ер тарықпай молықпас.

***

Ер-тоқымы жаман деп ерді мазақ қылмаңыз.

Еккен егін жаман деп жерді мазақ кылмаңыз.

***

Ер туған жеріне келер,

 Ат тұрған жеріне келер.

***

Ер — шаңырақ, ел — уық (Дүр Оңғар).

***

Ер шекіспей бекіспес.

***

Ер шеруде ерінуді білмейді, шепте шегінуді білмейді.

***

Ер шешуде, нар кешуде сыналар.

***

Ер ырыстың кілті.

Ері даңқты болса, елі антты болса — аруағы артып жүреді, жаяу аяғын тартып жүреді.