Балықшылық – еліміздің барлық аймағында бар десек те, Батыс Қазақстанда кең дамыған. Өйткені, теңіз маңында өмір сүретін жұрт басқаға қарағанда бұл сала жөнінде көбірек білері сөзсіз.
Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлының «Алабұға, аққайраң…» атты шағын кітапшасында балықтың түрлері мен шаруашылыққа қатысты көп дерек берілген.
Кітапшаның «Сирек қолданылатын сөздер» бөлімі, 19-бетте «Қоқан – шанышқы немесе қармақпен ауланған балықты желбезегінен жіпке тізіп, суға малып қоятын жіп» деген дерек бар.