«…Жоқ! Дәрігер! Орнатпа басқа жүрек!..»

18 маусым еліміздегі ақ халатты абзал жандар үшін ерекше күн. Бүгін олардың төл мерекесі. «Qazaqytoi» сайтының ұжымы дәрігерлерді бүгінгі мерекесімен шын жүректен құттықтайды. Сіздерге қажымас қайрат пен талап, еңбек тілейміз. Адамның өмірін ажалдан сақтап қалушы сіздердің де дендеріңіз сау, бастарыңыз аман болсын. Осы ретте жас түлектер үшін тың ақпарат бере кетуді жөн көріп отырмыз.

2017 жылдың мамыр айындағы мәліметке сүйене отырып, Қазақстан республикасының Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған еліміздегі ең үздік медициналық университеттердің тізімі белгілі болды. Өкінішке орай аталған тізімге биыл еліміздегі ең беделді С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті кірмеген екен. Ал тізім төмендегідей топтастырылған:

  1. Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

      2. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік  фармацевтикалық академиясы

      3. Астана медицина университеті

15-маусым. Дәрігерлер күніне құттықтау тілектер.

Арашашы жаныңа,
Қасыңнан кетер табыла.
Ақ халатты дәрігер,
Мерекесі тағы да.
Алғыс болсын алғаның,
Мәртебең асып самғағын.
Еселесін еңбегің,
Өмірдің алып бар бағын.

Еңбегің неткен зор еді,
Кигенің алғыс тон еді.
Құтты болсын мейрамың,
Дәрігер- өмір тірегі.
Дем берген дауа жүрегі,
Науқастың сенер тірегі.
Сыйлаған саулық әр үйге,
Өрлесін бақыт-терегі.

Абзал жан деген ат алған,
Ем беріп көптен бата алған.
Дәрігер ізгі жүректі,
Сап құрған сыйлы қатардан.
Сиремесін қатарың,
Көп болсын дәмің, татарың.
Жол тартсаң жақсы ниетке,
Ақжолтай болсын сапарың.

Жан ашыры баршаның,
Көңілге тыныш дем берген.
Күлім көз көзің бір күлсе,
Сырқатты жаның емделген.
Ауырмай, талмай еңбек ет,
Дәрігер атқа лайық боп.
Бақыттай атты жерге жет,
Болсыншы уайым-қайғың жоқ.

Ақ халатты абзал жан,
Ардақ тұтар өзіңді.
Ем іздеген жандардан,
Сұрар нағыз төзімді.
Емге шипа, дәру боп,
Тілек тілер жазыл деп.
Тек өзіңе зәру көп,
Емің болсын қабыл тек.

Шын дәрігер адамдарға жанашыр,
Керек емес оған ақша байлығың.
Берген анты жүрегінде ол да тұр,
Қорықпайды ауруыңнан қаймығып.
Мұндай жанды кездестірсең сене бер,
Оған АЛЛА нағыз шипа бере гөр.
Бар білгенін аямаған дәрігер,
Алғыс алып, бақыт  нұрға бөленер.

Сіздерге деп арналған бір шатты күн,
Тілек тілеп айғайлайды бір тәтті үн.
Дәрігерлер күні әрқашан құт болып,
Әрқашан да бақытты боп шат күлің.

Бала біткен бәрі қорқып жүретін,
Бірақ оның қолы жұмсақ келетін.
Дәрігердей абзал жанға лайықсың,
Талай ауру-сырқауды өзі жеңетін.

Әр күніңіз жеңістерді құрасын,
Емделушің тек бақыттан жыласын.
Алғыс алып ондаған мың адамнан,
Ең соңында болсын орның шынар шың.

Қолың шипа, дертке дауа сөздерің,
Жылу берер күлімдеген көздерің.
Денсаулығың мықты болсын,дәрігер,
Көп болсыншы ауру жеңген кездерің.

Жоқ, дәрігер…
Жүрегіме жүк артып жүргенімде,
Қажыдың ба, байғұсым, білмедім бе?
Шайпау тиіп, шаршатып кім көрінген,
Уландың ба, білмеймін кірледің бе?
Бары ақиқат бір дерттің жүрегімде,
Дәрігер-ау,арқалап жүремін бе?
Сорлайтындай соншама кім едім мен,
Heгe аяныш атасың іреңіңнен?
Айтып өлтір,қайтесің босқа ойланып,
Жүрек дерті өлімге бастай ма анық?
Адасам ба өмірден жастай қалып?
Ет жүрегім кете ме тасқа айналып?
Heгe айтпайсың, тұрғанша босқа ойланып.
Пері соққан пендедей есі жарым,
Тамырымда тулайды есіл ағын.
Бұл жүректің білмеймін несін алдым,
Несі жоғын білмеймін, несі барын?
Қаным қайнап барады, қаным қайнап,
Бір амал тап, дәрігер,халімді ойлап.
Алауыртқан ақынның қолын байлап,
Әкетпесін ажал кеп, өлімге айдап.
…Жоқ!
Дәрігер!
Орнатпа басқа жүрек!
Басқа лүпіл жасама, басқа леп.
Қалай айтам, бүлінген жүрегімді,
Білдірмей доғдыр алып тастады деп?!
Өңгеріп өгей жүрек қайда барам,
Өзгенің ғұмырын қалай пайдаланам?
Сыйыңа рахмет, қайран адам!
Өзімнің жүрегімдей қайда маған?
Алмастырам!?
Дедің-ау, алмастырам!..
Сірә, менің жұлдызым жанбас бұдан.
Өзімнің жүрегімді жерлеп келіп,
Өзгенің өмірін қайтіп жалғастырам?
Тула, Жүрек!
Өкінем мен несіне!?
Туған жүрек,әрине,өлмесін бе?
…Жоқ!
Дәрігер!
Қозғама,
дамылдасын,
Әрбір жүрек өзінің кеудесінде!
Мұқағали Мақатаев.