7 мамыр Отан қорғаушылар күніне таңдаулы сценарий

***

Жүргізуші:   7- мамыр- Қазақстан Отан қроғаушылар  күні. Тарихтағы әрбір даңқты күндер секілді бұл мерекміздің өзіндік сыры жетерлік.

Егеменді еліміздің тыныштығын және бейбітшілігін қорғау, бұл әр азаматтың қасиетті борышы екендігі баршамызға әйгілі. Ал Отанды қорғаушылар тек қана білектің күшіне сүйенушілерден ғана болмай, ақылы мен қайраты, күш-жігері мен зердесі бірдей мықты болғаны – бұл ел қорғаушы ерлерге ежелден қойылып келе жатқан талап.Сонымен бірге ең жарқын ,ең үлкен мереке Жеңіс күні келе жатыр. Біздің аталарымыз  біздің бақытты болашағымыз үшін қасық қандары қалғанша шайқасып, бейбіт өміріміздің аяқ басқанына 66 жыл толды . Құрметті аталар мен әкелер барлығыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймыз.

Жүргізуші:   Арыстандай айбаттым,

Жолбарыстай қайраттым,

Аспандағы байрақтым,

Қанша жұлдыз жайнаттың,

Қанша бұлбұл сайраттың

Қазақстан ардақтым! дей отырып сіздердің назарларыңызға «Әскер – әліміз, армия- абройымыз!» атты ертеңгілігімізді ұсынамыз

Залға Б. Мукаманов  «Десант» әнімен ұл балалар саппен кіріп  әскери қимылдар жасайды.

Қыздар орындарынан тұрып балалардың әкелеріне жасаған сыйлықтарын береді.

Жүргізуші: Құрметті аталар, ағалар, әкелер сіздердің мерекелеріңізге жасаған балаларымыздың сыйлықтарын қабыл алыңыздар.

Балалар орындарына отырады.

Жүргізуші: Құрметті болашақ Отан қорғаушы ұландарымыз біздің Қазақстанымыздың  Отан қорғаушы  күшіміз қандай болу керек кәне экранға көңіл бөлейік.

Жүргізуші: Көрдіңдер ме балалар Отан қорғаушылар дегеніміз кімдер екен. Ертен сендерде өсесіңдер, азамат боласыңдар, болашақ Отан қорғаушылар сендерсіңдер.

Жүргізуші:

Ел қорғайтын, ер ағалар-

Ардағымыз, арымыз.

Ерлер тойын, елдің тойын,

Бәрі: Қарсы аламыз бәріміз!

Ән: «Жеңіс күні»

Ал, енді достар, мерекемен құттықтауға келген жас ұландарға кезек берейік!

1 – бала:      Тапталмайтын түнгі ізі,

Сақшысы болам Отанның

Жарқырап жанған жұлдызы

Келеді ұлан атанғым.

2 – бала:  Туған жердің әр тасы

Бұйраланған аршасы;

Қорғайтын — ер боламын.

3 — бала:   Тапталмайтын түнгі ізі,

Ұланы болам Отанның

Жарқырап жанған жұлдызы,

Жалғаймын жолын Ағаның!

 4- бала:  Ей жігіттер!

Сендерге артар міндет көп.

Көтер биік ата салтын құрметтеп

Ақтай білсең ата-баба үмітін

Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп.

5– бала: 

Буырқанып тұрса да барша маңым,

Қиындықты алмастай қиып өтіп,

Бәрі: “Жаса, Бейбітшілік! – деп жар саламын.

Жүргізуші:

Ағалар саптан шықпасын,

Аналар қабақ шытпасын,

Бақытқа жетіп бар адам,

Сәбилер тыныш ұйықтасын,- дей отырып,  –дей отырып біздің қыздардың орындауында «Ақ көгершін» биін тамашалаңыздар

Би: «Ақ көгершін»

Жүргізуші: Бәрекелді, қыздар! Ұлдарымыз демалып қалды ғой деймін , олай болса «Кім тез қимылдайды» ойын ойнайық.

Ортаға 2- бала шығады.

Ойынның шарты: жерге жатып, қолын тіреп жоғары тартылу(отжимание)

Жүргізуші: Енді тағыда бір ойынның кезегі келіп тұр.

«Кімнің әкесі күшті»

Ортаға екі әкелер шығады

Ойынның шарты: Баласын иығына отырғызып отырып – тұру.

Жүргізуші: Сіздерге көп- көп рахмет ертеңгңлңгңмңздң ары – қарай жалғастырайық . Ендігі кезекте  викториналық сұрақтар.

  1. Біз қай Республикада тұрамыз?- Қазақстан
  2. Бас қаламыз қай қала?- Астана
  3. Рәміздерімізді кім біледі?
  4. Тудың ортасында не бейнеленген және авторы кім?
  5. Біздің гимнің авторлары кім?
  6. Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 25-тамыздағы Жарлығымен бекітілген маңызы зор әскери құжат.(Әскери ант)
  7. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін басқаратын орталық мемлекеттік орган.(Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі)
  8. Майор, подполковник және полковник әскери қызметшілердің қандай құрамына кіреді? (Аға офицерлер)
  9. Кіші лейтенанттан кіші, старшинадан үлкен әскери атақ. (Прапорщик)

           Балалар мен әкелердің жауабын анықтау.

Жүргізуші:     Ал, енді қонақтар біздің қазақ халқында нақыл сөздер бар, ол сөздер жігіттерге де арналған екен, Біздің қыздар ұлдарымыз ақылды болу үшін дайындаған «Жігіттің тоғыз жауы» атты ескертпелерін тыңдаңыздар.

Жігіттің тоғыз жауы?

  1. Басты  жауың жалқаулық,

Сорлататын жаныңды.

  1. Осалдығың аңқаулық,

Соқтыратын саныңды.

  1. Жасқаншақ болсаң ұры алар,

Қоралап қойған малыңды.

  1. Жалатқызбас жасықтық,

Аузыңдағы балыңды.

  1. Өтірік айтсаң өңмеңдеп,

Жоғалтасың арыңды.

  1. Өсек терсең телмеңдеп,

Жоғалтасың арыңды.

  1. Көпірме босқа мақтан қып

Түкке тұрмас барыңды.

  1. Көрінгенге жалтақтап,

Бола алмайсың жағымды.

  1. Біреуді алдап арбаумен,

Аша алмайсың бағыңды.

Жүргізуші:   Қыран-бүркіт көтерер

ердің нарқын,

Қыран жігіт асырар

елдің даңқын!-

демекші, енді жігіттерміздің өнерін тамашалайық.

Ұлдарымыздың орындауында «Моряктар» биі

Жүргізуші: Ойын «Сенің қызым ең сұлу»

Келесі ойынға қыздарымыздың әкелерін шақырамыз.

Ойынның шарты:1. Қыздардың көзін байлап әкелерін таптыру

2 Ертеңгісін қыздарыңызды киіндіріп, шаштарын жинап

балабақшаға алып келу

Жүргізуші:

Балақаймын бүгін мен,

Кіп-кішкентай баламын.

Ертең менде өскенде,

Ел қорғауға барамын.дей отырып жас ұландарымызды тағы  бір ортаға шақырамыз.

6- бала:    Мен қазақпын, ұланымын елімнің

Мен қазақпын, тірегімін жерімнің

Ұланымын туын көкке көтерер

Болашаққа алға бастап жетелер

Қиындығын қазағымның әрқашан

Қайыспайтын қара нардай көтерер

7- бала:  Көз тойғысыз қазағымның жері бар

Ну орман, тауы, өзені, көлі бар

Қазағымның жерін, елін қорғайтын

Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар

8- бала:  Міне, осындай егеменді еліміз

Кең жазира ұлан байтақ жеріміз

Туған елін, туған жерін сүйетін

Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.

9- бала:  Бұл – гүлденіп жайнаған,

Гүлстандар Отаны!

Бірін–бірі сыйлаған

Туысқандар Отаны!

10- бала :  Бұл – ғажайып мұратты

Халықтардың Отаны!

Алтын заман құратын

Алыптардың Отаны!

11- бала: Сол алыптың бірімін –

Отанымның ұлымын!

Жүргізуші:  «Жеңіс» деген – жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы,

Күрескердің арманы мен ұраны

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

Ендігі кезекте тамашалайтындарыңыз би «Катюша»

Жүргізуші:   Жүреміз даңқты жолдармен,

Қырандар бірге самғаған.

Әзірге титтай болғанмен

Ертеңгі ел қорғаны – мен болам!

Ән «Отан деген атамекен»

Рахмет! Сау болыңыздар!

***

Жүргізуші: Кеш жарық, ардақты азаматтар, қымбатты әріптестер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,7 мамыр-Отанқорғаушылар мерекесі де келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің мәні,көңілдің жыры,әр отбасының алтын қазығы. Ендеше бүгінгі мерекелік кешіміз өздеріңізге арналады.

Жүрекке адалдықтың ескен гүлін 

Ғажайып келешектің төккен үнін

Ардақты ағаларға шын көңілден

Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін. 

Құрметті азаматтар ,біздің мектептің ұстаздары,жігіттер! Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбекте табыс, тілейміз – дей келе құттықтау сөз кезегін мектеп директоры А.А.Талпаховқа береміз.

Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!

Ғаббас Есенбикенің орындауындағы «Көңіл ашар» күйін қабыл алыңыздар.

Жете бер аңсап күткен тілегіңе,

Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе.

Отанның, ел-жұртыңның мақтаны бол,

Алды бол қатарыңның бұл өмірде , – деп Альберт аға, Самат аға, Жасұлан аға, Махамбет ағаларды шын жүректен құттықтаймыз!

Мектеп – кеме, ес білімнің ескегін,

Әнге толсын, күйге толсын кештерің,

Шын жүректен бақыт тілеп сарқылмас,

Қол соғады барша әріптестерің – деп, сіздердің құрметтеріңізге Жумин Ниязбек «Қазақ жігіттері» әнін жолдайды. Қабыл алыңыздар!

Қалыбың адамдықтың бір бұзбадың,

Ұяңнан түлеп ұшты ұл-қыздарың.

Өзіңнен өркен жайып, өнеге алған,

Тілейді сізге бақыт жұлдыздарың, – дегендей, Ғарифолла аға, Бақберген аға, Исатай аға, Еділболат аға мерейлі мерекелеріңіз құтты болсын! 

Мың бұралып билеген

Аруды кім сүймеген .

Күміс көмей аруларға

Кімдер басын имеген-дей отырып келесі кезекті Құндыз бен Маржанның орындауындағы «Тойбастар» биіне береміз.

Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.

Мінезіңнің міні жоқ – майда қоңыр,

Бір жымисаң кетеді жайнап өңір.

Ризамыз пейіліңе дархан аға,

Айырмасын шаттықтан қайран өмір – деп, Ғабит, Даурен, Руслан, Сағындық сынды ұстаздарымызды айтулы күндерімен шын көңілден құттықтаймыз!

Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,

Отбасында болсын ырыс-береке

Құттықтаймыз шын жүректен Сіздерді

Өмір думан, бақ әкелсін мереке.- деп жас шәкірттеріңіз Хибатова Наргиза өзінің қыл қобызымен «Арнау» күйін тарту етеді. Қабыл алыңыздар!

Ел – халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз. Армиямыздың айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Жігіттерімізге амандық, денсаулық тілейміз. Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын.

Себездеп алтын ара жан-жағыңнан,

Ту тіккен алаулаған арманыңнан.

Кеудеңде махаббаттың шоғы маздап,

Биіктен биіктерге самға, қыран.- деп ақын ағаларымыз жырлағандай, Дархан, Жансерік, Асан, Айбек сынды жігіттерімізге таусылмайтын дәулет, арылмайтын бақыт тілейміз. 

Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,

Төгілген күн нұрының шапағаты.

Ортада биші қыздар би билейді,

Халайық қол соғыңыз мархабатты. Алдарыңызда би «Катюша».

Қымбатты біздің ұстаз-азаматтар! Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған дихан да, мал бағып терін төккен шопан да, бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан, ұлағатты ұстаздар, айбынды азаматтар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,

Қолыңда шәкіртіңнің болашағы

Өмірді алға қарай өрлететін

Сендер ғой Ұлы Отанның болашағы,- деп өздеріңізге үлкен сеніммен шәкірттеріңіз Кабир Әсем «Ұстазым» әнін жолдайды.

Құрметті халайық, баршаңызды келе жатқан 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Бүгінгі мамыражай тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған берік бірлік нәтижесінде келді. Ер жігіттің құл болмай, ару қыздың күң атанбай, халықтың бірлікте өмір сүруі нақ солардың арқасында!

Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, ал құрметті ардагерлеріміз, болашақ ұрпақтар үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қоғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала берері сөзсіз.Ендеше аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын деген тілекпен, Кабир Әсемнің орындауындағы «Ақ көгершін» әнін қабыл алыңыздар!

Мамырдың мамыражай күндерімен, майда желімен келіп жеткен мерекелеріңіз тағы да құтты болсын, ардақты азаматтар!

Өздеріңізге қонар бақтың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырағыңа шаттық орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз!

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше,

Осымен концертіміз аяқталды.

Сау-саламатта болыңыздар!