Бүгін пысықсынып үй жинап, қысқы киімдерді сандықтан шығарып жатып жездемнің гамажын тауып алдым. 4 жыл болған қызық оқиға есіме түсіп «пост жазамын» деп шештім.
Үлкен әпкем жастайынан өте көрікті қыз болатын. Ағаларым, мен, ата-анам бәріміз қара-торымыз, бірақ әпкем – аппақ, шашы бұйра, калың қара, касы-көзі көмірдей қап-кара еді. Көрген адам көркі мен ісіне таңдай қағатын. Жеңгелеріміз әпкеме: – сені шешең қырқыңнан шығарғанда айдың нұрына шомылдырған-ау, – дейтін.
Әпкемнің палауы мен самсасын жеген адамдар әлі күнге дейін ауызының суы құрып айтып жүреді. Ауыл мен көршілес ауыл жігіттері мен аналарының көз құрты болатын. Қанша адам қолын сұрап келсе де, бәрінің бетін қайтарып жіберетін-ді. Өйткені, 19-жасынан бізге ана орнына ана болып, бір үйдің тірлігін дөңгелетіп, өзі оқымаса да ағаларыммен мені оқытып, мен көрмеген өмірді сендер көріңдер деп анамның аманатын орындап отырып қалған болатын.
Жеңгелеріміз жігіттерді ұсына-ұсына шаршайтын. Әпкем жеңгелеріме:
– ауылдың жігітіне тимеймін, бай тапқыш болсаңдар қаланың жігітін табыңдар, басында шәпкісі, қолтығында папкісі болсын деп қандарын ішетін. Солай жар таңдап жүргенінде жасы 29-ға шықты.
Әкем мен ағамды үйлендіріп бөлек шығарды. Кіші ағам мен жеңгем, мен, әпкем төртеуміз анамыз түтінін түтеткен қара шаңырақта қалдық.
Сап-сары сағынышқа толы күз мезгілі болатын, әпкеме туысқан женгем қайта-қайта келіп бөлесімен таныстырғысы келетінін айтты. Бөлесінін ажырасқан еркек екенін білген соң әпкем: «таныспаймын» деп қайтарып жіберді.
Бір күні сол женгеміз әпкем екеумізді қонаққа шакырды. Барсақ жаңағы бөлесі келіп отыр екен. Әпкем женгеме әзілдеп:
– бұрындары нормальный жігіт көрсететін едіңдер, қәзір ажырасқан, жалғызбасты еркектерді көрсететін болыпсыңдар. Қаратайғаным соншалық өзіме тең жігіт қалмағанба, – деп күлді. Жігіт те, женгемізде түсінгендей болып сол жерде танысып, атастыру мәселесі жабылды.
Үйге келдік те жата калдық. Мен сол жатқан куйі тас болып ұйыктап қалыппым. Әпкем түнгі 2.00-шамасында тысқа шыққысы келіп, шыққан күйінде жаңағы женгеміз, бөлесі мен достары әжетханаға бара жатқан әпкемді алып қашқан ғой.
Әпкемнің үстінде 1 кең футболка болған, солай бұтын жалтыратып алып кашып кетіпті. Қанша жұлқынып жыласа да босатпаған соң, әпкем «қулықпен құтылмасам амал жоқ» деп көнгендей болып.
– Бір жанар-жағар май құю бекетіне тоқтаңдаршы, сыртқа шыққым келіп тұр, – деп тоқтатқан көлікті.
Әпкем көмек сұрайын десе ешкім жоқ. 20 минут бойы ол маңға ешкім келмеген соң, сол жердегі ағайлардан көмек сұраған екен көмек қолын созбапты. Амалы құрып тас жолға шықса, ешқандай көлік жоқ екен. Алып қашқан жігіттер әпкемнің қашып кеткенін біліп соңынан қуған, ал, әпкем болса тығылып қалыпты.
Жаңағы жігіттер ұзап кеткен соң, егістіктіктердің ішімен жүгіріп келіп, қайта күре жолға шығамын деп жүріп, адасып кетіпті.
Түнің бір жарымында жалғыз өзі қорқып, жаңағы жігіттерді тауып алу арманым болып жылай беріпті. Солай жылап-жылап, бір шағын тас жол тауып, соның бойымен алыстан жарық көрініп тұрған жаққа кете беріпті. Бір кезде қарсы келе жаткан автокөлікті көріп, қуанғаннан қолын сермеп жүгіріп алдынан шықса, тоқтамай өтіп кетіпті.
– Сол тоқтамай кеткен оңбаған кім?, – десеңіздер айтайын. Ол – менің болашақ жездем!
Жездем түнгі 3-4-ке дейін жылқыларын іздеп таппаған соң, «жолай көлігіме бензин құйып алайын, таңертең тағы іздеймін» деп жанар-жағар май құю бекетіне беттеген түрі екен.
– Ұйқылы ояу кетіп бара жатсам, алдымнан шашы жалбыраған саны жалтырап аппақ бірдеме жүгіріп шықты, –дейді.
– Жын ба, пері ме?! – деп, есімді бірден жиып, қорыққанымнан «бісімілә, бісімілә» деп қайталай бердім, – дейді. Май құю бекетіне жетіп, көргенін соларға енді айтуға оқталғанда, бір жігіттердің алып қашқан қыздарын жоғалтып алғанын естіп көңілі орнына түсіпті.
– Қызды тауып алып сөйлесейін, содан кейін мыналарға айтайын. Көріп, естіп жатсам хабарласайын, – деп, жаңағы жігіттерден нөмерлерін алыпты.
– Жолда он шақты жылқыны байқап жатсаңдар сендер де хабарласыңдар, – деп оларға өз номерін беріп ауылына кері кетіпті.
Жолдың бойында кетіп бара жатқан әпкемді тауып, машинасына отырғызып жөн сұрасыпты.
Әпкем жылап отырып бәрін айтыпты. Аяғында гәлөш, үстінде бір жапырақ футболка, әбден тоңып қалғанын көрген болашақ жездем, машинадан түсіп шалбарын шешіп жатқанын көрген әпкем одан сайын шошып жылап, «тиіспеңізші» деп жалыныпты. Жездем:
– Ой, қарындас қорықпаңыз, гамажымды шешіп берейін деп жатырмын. Жаурап қалдыңыз ғой, – деп сол жерде әпкеме гамажын кигізіп үйіне ертіп барыпты. Дарбазасын ашып, көлігін кіргізіп жатқанда жездеміздің әкесі мен анасы сыртқа шығып:
– Балам жылқыларды таптыңба, – деп жөн сұрап жатса, жездем мамасына:
– мама жылқы іздеп жүріп мына бір қызды тауып алдым, ұрыспай тыңданыздаршы, – деп әпкемді машинадан шығарып аке-шешесін таң қалдырыпты.
Жездемнің әке-шешесіне болған оқиғаны айтып болғанша таң атыпты.
Жездемнің әке-шешесі әпкеме ыстық шәй беріп, жуындырып, шашын тарап, жұбатып отырғанда жездем ас үйге кіріп, алғаш рет әпкемді жарықта көріп, бір көргенен өмір бойына ғашық болып қалыпты.
Ұйықтап жатсам, папам үйге жылап келіпті. Ағам мен женгем жылап ары-бері киімдерін киіп жылап жүгіріп жүр. Не болғанын түсіне алмай женгемген сұрасам, – әпкемді түнде алып қашып кетіпті. Ал әпкең олардан қашып кетіп, басқа бір үйден «алып кетіңдер» деп хабарласыпты дейді.
Ана үшеуіне мен қосылып жылап таң атпай абыр-сабыр болып жиналып әпкемнің соңынан бардық. Барып рахметімізді айтып, алып кетейік десек, жездеміз қимай тұр. Сол жерде жездем әпкеме ұсыныс жасады.
Әпкем біраз ойланып:
– осы жігітпен қаламын, – деді. Қалды.
Кейін, уақыт өте әпкемнен:
– сол кезде неге қалыңыз. Әлде сіз де жездемді көріп бір көргеннен ұнатып қалдыңыз ба? – десем, ол:
– енеме ғашық болып қалдым, – дейді.
Біз ауылымызға қайттық.
– уффф, әйтеуір 30-ға жетпей кетті-ау, – деп хабаршыларын жақсылап күттік. Өлі-тірі асын беріп, бір қуанышқа шаршап алдық.
Беташар өткен соң, жездеміздің жылқылары табылыпты. Ұры женгеміз ағамыздан өз жазасын алды.
Жездем әлі күнге дейін күледі:
– әйеліме сақинамен емес, гамаж кигізіп ұсыныс жасағанмын, – деп…
Ғаламтордан алынды.